25.05-26.05.2023 ж бөбекжайымызда «Қош бол, сүйікті балабақшам» ертеңгілігі ұйымдастырылды. Ертеңгіліктерге ата – аналар белсене ат салысты. Балалар тақырыпқа сай би билеп, тақпақтар айтып, ән шырқап көрерменді таң қалдырды. Бөбекжай түлектерінен құралған ансамбльдің орындауындағы аспаптық жанр үлкен қошеметке ие болып, ата – аналар ән – саз жетекшісі Н.С.Кужуховаға рахметін айтты. Сонымен қатар бөбекжайдың қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан ата – аналарға рахметін айтып, алғыс хатпен мадақтады.