Жаңалықтар

01.09.2023 жылы бөбекжайымыздың жылдық жоспарына сай Білім күні мерекесіне орай мектепалды және ересек топтарына «1 Қыркүйек -Білім күні!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: балаларға Білім күні мерекесінәі мән-мағынасын ұғындыру. Сахналық мәдениетін қалыптастыру, мерекелік көңіл күй сыйлау. Мереке танымды және көңілді өтті.

25.05-26.05.2023 ж бөбекжайымызда «Қош бол, сүйікті балабақшам» ертеңгілігі ұйымдастырылды. Ертеңгіліктерге ата – аналар белсене ат салысты. Балалар тақырыпқа сай би билеп, тақпақтар айтып, ән шырқап көрерменді таң қалдырды. Бөбекжай түлектерінен құралған ансамбльдің орындауындағы аспаптық жанр үлкен қошеметке ие болып, ата – аналар ән – саз жетекшісі Н.С.Кужуховаға рахметін айтты. Сонымен қатар бөбекжайдың қоғамдық жұмыстарына белсене […]

Бүгін ЖБҚ МКҚК №23 «Ақмоншақ» бөбекжайында 1 наурыз –Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – парызым» іс – шаралар өткізілді. Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: — ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; — үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту; — әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. №9 ересек тобында «Ризашылық» […]

11.04-12.04.2023 ж №23 «Ақмоншақ» бөбекжайында топтар арасында 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне арналған ашық ұйымдастырылған іс әрекеті, «Ғажайып ғарыш әлемі» көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: балаларға ғарыш, ғарышкер туралы түсінік беру. Күнделікті өмірмен тығыз ұштастыра отырып балалардың ой-қиялын дамыту, сөздік қорын, тілін байыту, қызығушылықтарын арттырып, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

19.04-25.04.2023ж педагогтердің қорытынды ашық есеп беру іс – әрекеті өткізілді. №1 кіші тобы «Путешествие на лесную поляну», №4 кіші тобы «Түстер мен пішіндер», №5 кіші тобы «Жәндіктер», «Көңілді көліктер», №6 орта тобы «Ғажайып шарлар», «Теңіз әлеміндегі балықтар», №2 орта тобы «Путешествие в королевство математики» , №8 орта тобы «Сиқырлы ертегілер әлемі», №9 ересек тобы «Өсімдіктер […]

15.05.2023 ж Халықаралық Отбасы күніне арналған «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында ата – аналар арасында эстафеталық сайыс ұйымдастырылды. Мақсаты: Ата-аналардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, қимыл әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылдануға шақыру. Эстафеталық сайысқа №10, №11 мад топтарының ата – аналары қатысты. Бүркіт тобы шапшаңдық танытып бас жүлдеге ие болды.

4 маусым – Рәміздер күніне арналған бөбекжайымызда мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Туды, Елтаңбаны және Гимнді бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Балаларға рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге рәміздерді бәрінен биік ұстауға, рәміздердің әр элементтерін,бөлшектерін атауларын жатқа білуге тәрбиелеу.

01.06.2023 ж №23 «Ақмоншақ» бөбекжайында 1 маусым – балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Ересек топ тәрбиешілері балаларға флэшмоб ұйымдастырды. Ән – саз жетекшісі мен мектепалды тобының тәрбиешісі топ арасында эстафеталық ойындар өткізді. Сондай – ақ мерекеде барлық балалар би билеп, ән шырқады. Мереке көңілді өтті.

13.05.2023.жылы күні республикалық көлемде өткізілген іс-шараға бөбекжай педагогтерімен қоса табиғатты аялайық деген ұранды өздеріне міндет етіп ұстанған, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму: біздің еліміз үшін бірінші кезектегі мәселе, маңызды және негізгі міндетіміз,біздің келешегіміз жас ұрпақтарымыздың қолында дей отырып, ата-аналар өз үлестерін қосты. Өз елінің патриоты ретінде балаларды тәрбиелеу мен жас жеткеншектеріміздің табиғатты аялау мақсатында […]

05.05.2023 ж бөбекжайымызда №11 мад тобының тәрбиеленушілерімен 7 мамыр Отан Қорғаушылар күніне арналған «Біз Отанның сарбазы» мерекелік ертеңгілігі ұйымдастырылды. Мақсаты: Балаларға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Ұлы отан соғысының мазмұнын әңгімелеп осы соғыста ерлік көрсеткен барытлардың ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, балаларды Отан қорғауға, Ұлы […]